Біз туралы

«Жас Кемеңгер» дамыту орталығы 1 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды олардың жас ерекшелігіне орай құрастырылған сабақтарға қабылдайды.

Әрбір ата-ана өзінің баласының білімге құштар болуын, жан-жақты дамуын және өмірде табысты болғанын қалайды.
Біздің «ЖАС КЕМЕҢГЕР» дамыту орталығына келсеңіз, орталығымыздың педагогтары Сіздің балаңыздың бай жан дүниесін дамытуға көмектеседі. Біздің топтарда бала саны 10–12 баладан көп емес. Біз әр балаға қамқорлықпен қарап, көңіл бөлуге тырысамыз. Біздің оқытушылар әр баланың көңілін таба алады және сабақтарды қызықты ойын түрінде жүргізеді.

Білім беру бағдарламалары мен дамыту сабақтарына қосымша біздің орталық әртүрлі қосымша сабақтар мен тақырыптық үйірмелерге қатысу мүмкіндігін ұсынады.
Біздің мақсатымыз — дәстүрлерге және мұраға бай елімізде өмір сүріп және осы елде қызмет ететін, сондай-ақ болашақта үлкен табысқа қол жеткізе алатын, жан-жақты дамыған бүлдіршіндерді дамыту. Біз сабақтарда интерактивті тақта, планшеттік компьютерлер және интернет секілді техникалық инновацияларды қолданамыз.

Егер Сіз осы сайттан іздеген ақпаратыңызды таба алмаған болсаңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға телефон арқылы жауап беруге әзірміз. Бізге қонаққа келіп, керек, ақпаратты алсаңыз да болады.