Біздің бағдарлама

«Жас Кемеңгер» дамыту орталығы бүгінгі күнде өзінің авторлық әдістемесін әзірлеумен айналысып жатыр. Біздің оқытушылар қомақты дидактикалық-методикалық негіз дайындап, бірқатар педагогикалық құралдар да жасақтап шығарды. Бағдарлама баланың жалпы, мәдени және шығармашыл болып дамуына және әлеуметтенуіне бағытталған.

Әдістемені жасап шығарудағы біздің басты мақсатымыз мектеп жасына дейінгі балалар арасында ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілді өрлету болған.

Әдістеме «Балапан», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Мен мектепке барамын», «Қарлығаш» деген сияқты мемлекеттік бағдарламаларға негізделіп жасалған. Сондай-ақ, Петерсон, Железнев, Монтессори және т.б. шетелдік авторлар әдістемесі де пайдаланылды. Әдістемені әрі қарай үздіксіз жетілдіріп отыру әдістемелік базаның өзектілігін және жаңартылымын қамтамасыз етеді.