Біздің сабақтар мен үйірмелер

«Ана және сәби» тобы (1–3 жас)

Бұл бағдарламаның мақсаты: балаларды ерте жастан жан-жақты, толыққанды дамыту және балаларды оқыту мекемелері талаптарына бейімдеу. Баламен бірге өзіне жақын ересек адам — анасы, әкесі, әжесі немесе күтушісі болуы қажет.

Кешенді дамыту (3–5 жас)

Бұл топ, әдетте үш жастан басталады, бірақ бұл жастан екі жаққа да қарай ауытқуы мүмкін. Бұл жастағы балалар тобына сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру — балалардың жан-жақты дамуын және толыққанды оқытылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Орталықта болған барлық кезеңде баланың сабаққа деген қызығушылығын қолдап отыруда септігін тигізеді.

Метепке даярлық (5–7 жас)

Мектепке дейінгі ересектер тобы дыбыстауды жетілдіру, сөздік қорды көбейту және байыта түсу, оқу техникасын қалыптастыру, бір-бірімен қарым-қатынас (диалог) құра білуді, сөздерді байланыстырып, жүйелі түрде сөйлей білу, мазмұндау бойынша жұмыс істейді. Ересек топта оқыту бағдарламасы байыпты математикалық дайындықты, логикалық ойлауды дамытуды талап етеді.

Қосымша сабақтар

Үйірмелер