Жолда жүру ережесі

«Жас Кемеңгер» БДО-нда «Жолда жүру ережесі» тақырыбында іс-шара өтті.

Мақсаты балаларды жолда жүру ережесін сақтауға үйрету болған бұл іс-шара 3–7 жас аралығындағы балалардың қатысуымен өтті.

Тәртіпке және заңға бағынатын жолаушыларды тәрбиелеу - басты мақсаттардың бірі болды.

Балаларға ерте жастан бастап көшелер мен жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды үйрету өте маңызды, жолда жүру қауіпсіздігін тек есте сақтап қоймай, оны орындауға қол жеткізу маңызды.

Ең тиімді тәрбие құралы — ересектерден алар үлгі және ең алдымен, ата-анасының үлгі болуы. Сондықтан, ата-аналар да ертеңгілікке қатысты.

Ертеңгілік барысында балалар тақпақ, ән айтып, би биледі, жол ережесіне байланысты қойылымдар қойды.

Жол қызметкері балаларға жолда, жаяу жүргінші жолында жол ережелерін сақтауды түсіндірді.

Балалар үшін қызықты да танымды ертеңгілік болды.


Кері қарай