Күзгі бал

24 қазанда «Жас Кемеңгер» Балаларды дамыту орталығында балаларға арналған күзгі бал ұйымдастырылды. Күзгі бал біздің орталықта әр жыл сайын өткзіледі. Биылғы күзгі бал «Күз жомарт» деген тақырыпта өтті.

Ертеңгілік алдында «Күздің сыйы» тақырыбында табиғи заттардан жасалған көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара жарыс түрінде өтті, түрлі тапсырмалар, музыкалық нөмірлер, әр-түрлі қойылымдар және т.б. дайындалды.

Ертеңгілікке ертегі кейіпкерлері — мыстан кемпір, түрлі-түсті саңырауқұлақтар, күз ханшайымы және т.с.с. қонаққа шақырылды

Мерекелік іс-шараның соңында «Күз ханшайымы» балаларға алмалар үлестіріп берді. Мереке өте көңілді, әрі қызықты болып өтті.


Кері қарай