Жаңа жылдық ертеңгілік

Жыл сайын желтоқсан айының соңында орталық балалары үшін Жаңа жылдық ертеңгілік өтеді. Ертеңгілік мақсаты балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, Жаңа жылды қарсы алу дәстүрімен таныстыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Балалар ән айтып, би билеп, аяз атаға тақпақтарын айтып, сюжеттік-рөлдік ойындар ойнады. Ертегі және мультфильм кейіпкерлері шақырылды.

Балалар Аяз атадан сыйлықтарын алып, «Қуант бізді жаңа жыл!» атты әнмен ертеңгілікті аяқтады. Ертеңгілік өте қызықты және көңілді өтті!


Кері қарай