Наурыз

20 наурыз күні «Жас Кемеңгер» орталығында «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» атты мереке өтті. Наурыз мейрамы біздің орталықта жыл сайын тойланады.
Бұл іс-шараның мақсаты — балаларды Наурыз мерекесін тойлауға баулу, Қазақстан жерінде достық пен бейбітшілікті нығайту, Қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ертеңгілік барысында балалар «Бата» деген не екенін және оны бізге кім беретіні жайлы білді. Қазақ халқының қонақжайлылығы, ауыл-ауыл болып, бір-бірлеріне қонаққа баратындығы көрсетілді. Жамбыл ауылының балалары, яғни орта топ балалары, ересек топтың, яғни Абай ауылынан келген қонақтарды күтіп алды. Оларға қазақ халқының ұлттық тағамы «Наурыз көже» берілді. Бірге ән айтып, би билеп, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.


Кері қарай