Астана күні

3 шілде күні Астана күніне орай «Жас Кемеңгер» Балаларды Дамыту Орталығы балаларға арналған ойын күнін ұйымдастырды. Мерекелік кеш «Арай» саябағында өтті.

Балаларға қызықты болу үшін бұл іс-шара ойын түрінде өтті.
Мерекеге 3 пен 7 жас аралығындағы балалар шақырылды. Қызықты ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды, белсенді ат салысқан балалар сыйлыққа ие болды. Балалар 2 топқа бөлініп, жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың соңында 2 топқа да «Астана — арман қала» деген тақырыпта сурет салу тапсырмасы берілді.


Кері қарай