Наурыз 2016 жыл

Наурыз — көктемгі жаңару мерекесінің қарсаңында біз балаларға халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын көрсету үшін қызықты да танымды мереке өткіздік.

Залдың безендірілуі — атлас маталардан жасалған шаңырақ, кереге, сандық, берекелі дастарқан — мерекелік жағдай туғызып тұрды.

Бізге қонаққа Әже келіп, «Шашу» дәстүрін көрсетті, Қыдыр ата келіп, балаларғақ батасын берді, қыздар «Бипыл-ай», ұлдар «Батырлар» ұлттық билерін биледі.

Орталық ұстаздары домбыра, қылқобыз, тұяқтас, шаңқобыз, асатаяқ сияқты ұлттық аспаптарда ойнай отырып орындаған «Жеті арал» халық әні бәріне күтпеген тосынсый болды.


Кері қарай