Қосымша сабақтар
-
Сенбілік топтар (3–6 жас)
Жұмыс күндері балабақшаға баратын балаларға арналған.
Сенбі күндері 3 сағат бойы балаларға сандар және әліпбимен танысуға, жазуға, логикалық ойлау және есте сақтау қабілетін дамытуға арналған кешенді сабақтар жүргізіледі. -
Әдеби кітап әуесқойларының клубы (5–12 жыл)
Балалармен бірге қазақ және шетел жазушыларының әдеби шығармаларын оқимыз; тапсырмалар орындап, сюжет, кейіпкерлерді және оқиғаның өрбуін талқылаймыз.
-
12 сабақ ішінде көбейту кестесі
Баланың есептеуге деген қызығушылығын арттыру, заңдылықтар мен қызықты әдістерді пайдалана отырып, көбейту кестесін үйрету.
-
Мектеп пәндері бойынша репетиторлық сабақтар
Сабақтар жеке өткізіледі. Бағдарламаның мақсаты — баланың үлгерімін арттыру, мектеп пәндерін тереңдете оқыту, оқу материалын қайталай отырып жақсарту.
-
Ағылшын тілі
Сабақтар ойын түрінде өткізіледі. Баланың оқи білуін, сөйлеу, тыңдау, жазу, лексика, грамматика және сөздерді дұрыс айтуын дамыту.
-
Жылдам оқу
Мақсаты — баланың оқу жылдамдығын арттыру, оқып шыққан мәтінді есте сақтау қабілетін жақсарту.
-
20 сабақ ішінде әдемі жазу
Бағдарламаның мақсаты — балаға әдемі және сауатты жазуға көмектесу және баланы ұқыпты жазуға үйрету!
-
Мектеп оқушыларына арналған ұзартылған күн сабақтары (1–4 сынып)
Сабақтар шағын топтарда өткізіледі. Бұл бағдарламаның мақсаты —
үй жұмысын орындауға көмектесу, баланың білімін толықтыру.